Астанада картоп сатуға қойылған шектеу алынып тасталды
Астанада бір адамға 5 келіге дейін картоп сатуға қойылған шектеу алынып тасталды.
Қала әкімдігінің мәліметіне сенсек, қазіргі уақытта картоп тапшылығы жоқ.
Қазір Астанада картоп сату бойынша шектеу жоқ, қалада оның тапшылығы жоқ екенін хабарлады."Өнім қаладағы сауда желілері мен базарлардың сөрелерінде жеткілікті мөлшерде ұсынылып, олардың қоры уақытында толықтырылып отырады", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Айтуларынша картоп сату бойынша қойылған шектеуді әкімдік емес 22 қаңтарда Small және Spar желілерінің әкімшілігі енгізген.
"Олар бұл шараны делдалдардың өнімді одан әрі қайта сату үшін көтерме сатып алуына жол бермеу үшін өз бетінше қабылдады, мысалы, барлық Small және Spar сауда желілерінде картоптың келісі 280 теңгеден сатылып жатыр", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Астанада танымал сауда желісінің супермаркеттерінде картоп сатылымына шектеу қойылған еді. Қаладағы супермаркеттердің бірінде осыған қатысты хабарландыру жарияланды. Онда бірінші сұрыпты картоптан бір қолға 5 келіден артық берілмейтіні айтылған.
Сіздің реакцияңыз қандай?