«Атасы мен апасы көрмей кетті, әттең...»: марқұм Оразалы Досбосыновтың немересі дүниеге келді

Танымал айтыскер ақын, марқұм Оразалы Досбосыновтың ұлы Нұрсұлтан әке атанды, деп жазады Sportinside.kz.
Оразалы Досбосыновтың есімімен ашылған Instagram желісіндегі парақшада тараған ақпаратқа сәйкес айтыскер ақынның ұлы келіншегі мен баласын перзентханадан шығарып алған.
"Ораз ағамыздың немересінің бауы берік болсын, үлкен азамат болсын!", – делінген осы парақша жариялаған жазбада.
Тағы оқыңыз: «Дәл бұлай егіліп жыламаппын»: Роза Әлқожа марқұм Оразалы Досбосыновтың қызын ұзатты
Желі қолданушылары сәбидің өмірге келуін қуанышпен қарсы алып, ақжарма тілектерін жаудырды:
"Бауы берік болсын! Атасы сияқты алпауыт ақын болсын", "Адам ұрпағымен мың жасайды. Атасының атын шығаратын мықты азамат болсын!", "Атасы мен апасы көрмей кетті, әттең бір кем дүние..."
Ақын Оразалы Досбосынов пен жары әнші Ажар Түзелбекқызының соңында Нұрсұлтан, Нұрайша деген екі баласы қалған еді.
View this post on Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






