«Басыңа келсін»: Шакентидің әрекетін ақтауға тырысқан блогер елден оңбай сөз естіді (ВИДЕО)

Сәуір 7, 2025 - 17:22
«Басыңа келсін»: Шакентидің әрекетін ақтауға тырысқан блогер елден оңбай сөз естіді (ВИДЕО)
Коллаж: Sn.kz

Актер Шәріп Серіктің әрекетінен айып көрмеген Ырысбала Икрамбай сынға қалды, - деп хабарлайды sadaq.kz. 

Белгілі блогер Ырысбала Икрамбай өз инстаграм парақшасында Шәріп Серік пен сүйіктісі арасында туындаған дауға қатысты пікір білді. Сөзінше, әйел адам отбасын ойласа, бір шапалаққа бола кетіп қалмауы тиіс.

«Отбасы болғаннан кейін бәрі болады. Қолының ұшы тигенге, лифтіден жұлқылап шығарғанға бола ажыраса беретін болсақ, неміз қалады? Бәрінен бұрын бала зардабын шегеді. Қазақтың қыздары деп айтқанда күштіміз, бірақ неге қазақтың қара сөзін дұрыс жерде қолданбаймыз? Барлық еркекті ез қылуға болмайды. Қыздар, біз де жетісіп тұрған жоқпыз», - деді ол.

Осыдан кейін блогердің бұл пікіріне желі қолданушылары ашуланып, наразылық білдірді.

«Басыңа келсін, сенің де кезегің келіп қалар», «Ертең қызыңды ұрса, көремін қалай сөйлейтініңді», «Әйелге қол көтерген еркек, еркек емес», «Өзі таяқ жемеген соң бәрібір болып тұр ғой», «Қазір таяқ жеп отыратын заман емес!», «Мысқылдап күліп отырғаны несі!?», - деп блогерді сынға алды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhuldyzdy News, VINE's ???????? (@zhuldyzdy_news)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow