Қазақстан азаматы Ресейде радиостанцияны басып алды

Қазан 16, 2025 - 15:43
 0  26
Қазақстан азаматы Ресейде радиостанцияны басып алды

52 жастағы Қазақстан азаматы Санкт-Петербург қаласында ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға 14 қазанда болған. «Санкт-Петербург» телеарнасының хабарлауынша, ер адам радиостанция ғимаратына баса-көктеп кіріп, бұзақылық әрекет жасаған.

«Ұсталған азамат кеңседе айқайлап, түсініксіз ұрандар айтып, қызметкерлердің жұмысына кедергі келтірген», – делінген телеарна таратқан ақпаратта.

Күдікті Ресейге тамыз айының соңында келген. Алғашында Мәскеуде, кейін Санкт-Петербургке барған және хостелде тұрған.

Оқиғадан кейін оны полиция бөліміне жеткізген.

Қазіргі уақытта ер адамның іс-әрекетіне құқық қорғау органдары қызметтік тергеу жүргізіп жатыр.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0