«Хан-Тәңірі» клубының шабуылшысы матч кезінде қайтыс болды

«Хан-Тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеу көз жұмды. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан футбол федерациясы «Хан-Тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеудің мезгілсіз дүниеден өткенін қайғырып қабыл алды. Жастығына қарамастан, футболға деген ынтасы мен таланты арқылы көзге түскен Диастың өмірден ерте кетуі орны толмас қаза. Бұл ауыр сәтте оның отбасының, жақындарының және командасының қайғысына ортақтасамыз. ҚФФ Диастың ата-анасына, туыстарына және барша жақындарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады, — делінген хабарламада.
Айта кетелік Ақтөбелік жас футболшы көз жұмған еді. 15 жастағы футболшы Арон Мұса «Ақтөбе U-16» командасының қорғаушысы болған.
Сіздің реакцияңыз қандай?






