«Біздің Димаш»: Маскадағы адамның кім екені белгілі болды

Қазан 20, 2025 - 22:59
 0  1.2k
«Біздің Димаш»: Маскадағы адамның кім екені белгілі болды
фото: әлеуметтік желіден

Қоғам белсендісі Азамат Ерғали әлеуметтік желіде көптен бері мұқтаж жандарға миллиондап көмек көрсетіп жүрген “Маскадағы адамға” қатысты жазбасымен жұрт назарын аударды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Белсенді өз жазбасында: "Маскадағы адам – меніңше, бұл біздің Димаш Құдайберген сияқты. Ал сіздер не ойлайсыздар?" – деп жазып, оқырмандарына сауал тастаған.

Бұл пікір желіде үлкен талқылау туғызды. Пайдаланушылардың бір бөлігі "Шын мәнінде Димаш болуы мүмкін" деген ойды қолдаса, басқалары өз нұсқаларын ұсынған. Кейбіреулер бұл – елге белгісіз меценат, ал енді біреулер танымал кәсіпкер болуы ықтимал деп болжады.

Қазіргі таңда "Маскадағы адамның" кім екені ресми түрде анықталған жоқ. Дегенмен, әлеуметтік желі қолданушылары қайырымды тұлғаның аты-жөнін білгісі келіп, түрлі пікірлер мен болжамдар айтып, қызу талқылап жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 1
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0