Мемлекет басшысы Португалия президентіне көңіл айтты

Қыркүйек 4, 2025 - 19:28
Мемлекет басшысы Португалия президентіне көңіл айтты
Фото: atpress.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Лиссабон орталығындағы апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Президент Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соуза мен барша португал халқына көңіл айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Қазақстан Президенті бақилық болғандардың туыстарын сабырға шақырып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестігін жеткізген.

Айта кету керек, Лиссабонда 3 қыркүйек күні шамамен сағат 18:00-де «Глория» фуникулері рельстен шығып кеткен еді. Құтқару қызметтерінің деректеріне сәйкес, апаттан қаза тапқандар саны 17 адамға жеткен, тағы 21 адам жарақат алған. Елде ұлттық аза тұту жарияланды. Апат себептері тергеліп жатыр, басты нұсқа - тарту арқанының үзілуі.

Жергілікті тұрғындар пайдаланатын бұл фуникулер туристер арасында да өте танымал еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow