«Наурыз мейрамы Оразадан жоғары, өйткені ол құлдардың мерекесі емес» — журналист

Наурыз бен ораза бір күнге түсіп қалған жағдайда, Наурызды тойлайды, дейді ол.

Ақпан 26, 2025 - 14:13
«Наурыз мейрамы Оразадан жоғары, өйткені ол құлдардың мерекесі емес» — журналист
фото: видеодан скриншот

Танымал PR маманы, журналист Айбар Олжаев Threads-те Наурыз мейрамы мен Оразаның айырмашылығы туралы жазды, — деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

«Наурыз – түркілердің, яғни еркін адамдардың, құл емес халықтың Жаңа жылы. Сондықтан ол қазақ үшін мәртебесі жағынан оразадан жоғары. Қазақтар Наурыз бен ораза бір күнге түсіп қалған жағдайда, Наурызды тойлайды. Ислам адамды Алланың құлы болуға үйретсе, Тәңірлік ілім адамды рухани еркін болуға баулиды. Сол себепті көптеген қазақтар Мәңгілік көк аспан мен Көк бөріні таңдады», — деп жазды ол.

Айта кетейік, 2025 жылы қасиетті Рамазан айы наурыздың 1-і күні басталады. Барлық өңірдің кестесі бекітілді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow