«Парацетамол» 59 теңгеден шығады да, бізде 144 теңгеден сатылады» - Асхат Аймағамбетов

Депутат Асхат Аймағамбетов дәрі-дәрмектің бағасына қатысты тексерістің нәтижесін жариялады, деп мәлімдейді Sadaq.kz.
Оның айтуынша, бүгінде дәрі-дәрмекке қосылатын үстеме баға зауыттан шығатын құнынан 172 процентке артық қойылады. Ал бір препараттың әртүрлі дәріханалардағы бағасы 3-5 есеге дейін өзгереді.
«Мысалы, зауытта «Парацетамолдың» бағасы 59 теңге екен. Қырғызстанда 90 теңгеге сатылса, бізде 144 теңгеге сатып отырады. Қазақстанда «Терафлюге» бекітілген шекті баға 3 300 теңге болса, зауыттың бағасы – 1 500 теңге. Ресейде 2 200 теңге, Қырғызстанда 2 500 теңге тұрады», - деді Аймағамбетов мәжілістің бүгінгі отырысында.
Халық қалаулысы шекті бағаларды қалыптастыру кезінде өрескел бұзушылықтар анықталғанын жеткізді. Олардың қатарында шамадан тыс маркетингтік және тасымалдау шығындарын бағаға қосу жағдайы бар.
«Препараттар тіпті оригиналдардан да бірнеше есе жоғары бағамен сатылып алынған. Дәрілерге қосылған үстеме баға зауыттық бағадан 172 пайызға дейін жетеді. Ал Еуропа мен жалпы әлем елдерінде бұл 30 пайыздан аспауы керек. Ал бір препараттың әртүрлі дәріханалардағы бағасы 3-5 есеге дейін өзгереді. Бұл қалай болуы мүмкін? Отандық зауыт елде сатылмайтын шетелдік аналогын алып, соған байланыстырып өз шығындары мен бағасын есептеп, дәрінің бағасын осылайша көтеріп бекітіп алады. Оны оригиналмен салыстырсақ, көптеген отандық дәрілер шетелдік түпнұсқасынан еселеп қымбат болып шығады», - деді депутат.
Сіздің реакцияңыз қандай?






