«Сектамызға қабылдаймыз»: Шерхан Қалмырза қажылыққа баратын болды

Әлеуметтік желілерде «Қайрат» футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға Умра қажылығына жолдама сыйланған сәттің видеосы кеңінен тарауда, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, Алматы қаласындағы тойлардың бірінде Шерхан Қалмұрза мен анасы қонақ ретінде қатысқан. Сол кеш барысында жас спортшыға қасиетті Меккеге Умра қажылығына арналған арнайы сертификат табысталған.
Ал бұл жайтқа қатысты оқырмандар түрлі пікір қалдырған.
«Басталды, қайтсек сектамызға қабылдаймыз деген далбаса ғой», «Сол жаққа шашқан ақшаны жас қой, денсаулыққа жұмсаса, Карловы Варыға барып. Қажылық ерте, уақыт келе түсінер», «Әйтеуір молда қылдыңдар ма», «Сөйтіп қажылыққа тегін жолдама беріп, Құдай жолына түсіріп алу ғой, олардың ойлары». «Қабыл болсын. Қажылыққа барғанда оны қатты жариялап керек емес деп ойлаймын. Сосын барған соң фотоға түсіп "мен бардым" деп. Сол амалдарды адам өзі үшін жасайды.Айып етпеңдер.Әр Қазақ менің жалғызым.Бұл менің пікірім», деп жазып жатыр олар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






