Тоқаевқа Трамптан шақырту түсті
Бұл ақпаратты ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай растап отыр. Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстанға осы кеңесті құрушы мемлекеттердің бірі болу туралы ұсыныс айтылған, деп хабарлайды sadaq.kz.
Осылайша, Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптан Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырту алған.
АҚШ президенті бастамашы болған Бейбітшілік кеңесіне бірқатар елдің көшбасшысы шақырылған. Аргентина, Венгрия, Түркия, Пәкістан, Мысыр, Иордания, Қатар және Италия бұл ұсынысты қабылдағанын растады. Сонымен қатар, Франция, Германия және БАӘ басшыларына да шақырту барған.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік көшбасшылардың алғашқыларының бірі болып Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге, ал Қазақстанға осы кеңесті құрушы мемлекеттердің бірі болуға ресми шақырту алды. Бұған жауап ретінде Мемлекет басшысы АҚШ президентіне шынайы алғысын білдіріп, осы жаңа бірлестіктің құрамына кіруге келісімін растайтын хат жолдады. Президент Қазақстанның Таяу Шығыста берік бейбітшілікке қол жеткізуге, мемлекетаралық сенімді нығайтуға және жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға ұмтылысын растады, – дейді Руслан Желдібай.
АҚШ жоспарына сай, Газа секторы уақытша халықаралық басқаруға өтеді, ал оны қалпына келтіру үдерісін жаңадан құрылатын Бейбітшілік кеңесі бақылайды. Кеңестің төрағасы қызметін Дональд Трамп атқармақ.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0