«Түркітілдес елдің бәрі Түркия азаматы»: Ердоған айрықша құжатқа қол қойды

Бұдан былай түркі елдерінің азаматтары яғни қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, әзербайжан секілді туыс халықтар — Түркияда түрік азаматтарымен тең дәрежеде болады.

Қазан 15, 2025 - 10:43
«Түркітілдес елдің бәрі Түркия азаматы»: Ердоған айрықша құжатқа қол қойды

Ердоған жақында ерекше тарихи құжатқа қол қойды, деп хабарлады sadaq.kz. 

Бұл жарлық бойынша енді бұдан былай түркі елдерінің азаматтары яғни қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, әзербайжан секілді туыс халықтар — Түркияда түрік азаматтарымен тең дәрежеде қызмет етіп, кәсіп ашып, өз мамандығы бойынша заңды түрде еңбек ете алады.

Жарлық Түркияның  ресми басылымдарында (Resmî Gazete) жарық көрді, деп жазады ТURAN UNION парақшасы.

Бұрын бұл үшін көптеген рұқсаттар мен шектеулер керек болатын. Енді сол кедергілер алынып тасталды.

Бірақ бұл еркіндікті алу үшін белгілі бір шарттар бар: адам Түркияда тұрақты тұруға рұқсат алуы керек, ел қауіпсіздігіне қатер тудырмауы қажет және өз дипломын немесе кәсіби сертификатын растауы тиіс. Ең бастысы – ол түркі қауымдастығына жататынын дәлелдеуі керек.

"Бұл жай ғана экономикалық шешім емес. Бұл — түркі халықтарының шын мәнінде жақындасуының белгісі. Бұрын «түркі бірлігі», «туыс халықтар» деген сөздер көбіне ұран күйінде айтылатын. Енді сол бауырластық нақты өмірде көрініс таба бастағанын көрсетеді. Бұл көп айтатын ТҰРАН идеясының іске аса бастағанының белгісі", - делінген мәліметте. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow