Ватикан Рим папасының жағдайы күрт нашарлағанын мәлімдеді

Ақпан 23, 2025 - 11:26
Ақпан 23, 2025 - 11:28
Ватикан Рим папасының жағдайы күрт нашарлағанын мәлімдеді
Фото: dzen.ru

Ватиканның баспасөз қызметі Рим Папасы, 88 жастағы Францисктің денсаулығы күрт нашарлағанын жеткізді. Бұл туралы sadaq.kz Vatican News порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Деректерге сүйенсек, понтифик тұрақты демікпе тәрізді тыныс алу диагнозы бойынша ауырып жатыр. Сондықтан оған жоғары концентрацияланған оттегі берілген. Сонымен қатар, оған анемия жағдайында қан құйылған.

"Қазіргі уақытта болжам әлі де әлсіз. Қасиетті әкенің жағдайы ауыр болып қала береді", - делінген хабарламада. 

Рим Папасы әлі қауіп үстінде емес. Ол есін біледі. Бір күнді орындықта отырып өткізген. Алайда 21 ақпанға қараған күні қатты ауырсынған.

Кардинал Джанфранко Франциск Равази Бенедикт XVI сияқты денсаулығына байланысты өз міндеттерін орындай алмаса тақтан бас тартатынын жоққа шығармады.

"Егер Рим Папасы Франциск міндеттеріне қиналса өз таңдауын жасайды", - деді Равази.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow