«Жомарт» шахтасында қаза тапқан 7 кеншінің есімдері жарияланды

Ақпан 18, 2025 - 11:43
Ақпан 18, 2025 - 11:49
«Жомарт» шахтасында қаза тапқан 7 кеншінің есімдері жарияланды

Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінде орын алған қайғылы оқиғадан кейін шахтада көз жұмған жеті жұмысшының есімдері белгілі болды, - деп жазады Sadaq.kz ақпарат порталы.

Қаза болған кеншілердің тізімі:
Ақшалов Қайрат Аманбекұлы (1975 ж.т.) – насостық қондырғылар машинисі;
Жақұбаев Ардақ Боранбайұлы (1998 ж.т.) – жерасты учаскесінің тау-кен шебері;
Жұмаділлаев Бақытбек Нышанұлы (1975 ж.т.) – жерасты кен жұмысшысы;
Кенжебеков Орынбек Әмірханұлы (1991 ж.т.) – жүк тиегіш-доставкалық машинаның машинисі;
Молдабеков Ғалымжан Есенбекұлы (1978 ж.т.) – шпур бұрғылаушының көмекшісі;
Нұрұлдаев Олжас Жағалбайұлы (1979 ж.т.) – жерасты учаскесінің энергетигі;
Рожков Константин Владимирович (1992 ж.т.) – жерасты тау-кен құрылғысын монтаждаушы электрослесарь.

«Қазақмыс» ұжымдық келісімшартқа сәйкес «Жомарт» кенішінде қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмекті көрсететінін мәлімдеді.

«Әлеуметтік және материалдық қолдау мақсатында, соның ішінде моральдық зиянды өтеу үшін, қаза тапқандардың отбасыларына жұмыскердің орташа жылдық жалақысының 10 еселенген мөлшері және 2 млн теңгеден астам жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға төленеді», делінген компания таратқан хабарламада.

Компанияның мәлімдеуінше, асыраушысынан айырылуы бойынша ай сайынғы төлемдер, балалардың оқу ақысын төлеу, қаза тапқан жұмысшылардың несиесін жабу, отбасы мүшелерінің өтініші бойынша басқа да көмек түрі қарастырылады.

Айта кету керек, қайғылы оқиға 2025 жылдың 17 ақпанында «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Жомарт» кенішінде болды. Тау жыныстарының опырылып түсуі салдарынан жеті жұмысшы шахтада қалып қойды. Кейіннен барлық кеншінің қаза тапқаны анықталды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow