Шахтадағы апат: жеті жұмысшының денесі табылды

Ақпан 18, 2025 - 09:02
 0  211
Шахтадағы апат: жеті жұмысшының денесі табылды
Фото: Pixabay

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар тобы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жеті жұмыскерінің денесін тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Олардың жеке басының ақпараты анықталуда. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу жүргізілуде. 

«Қайтыс болған жеті жұмысшының денелері жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды», - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Оқиға орнында Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдары тобы жұмыс істеуде.

Кеше Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның «Жомарт» кенішінде апат болған. 

Ресми дерекке қарағанда, шахтада тау жынысы опырылып түскен.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 1
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0