Абай облысында перзентханада көз жұмған ана мен сәби өлімінің себебі анықталды

Бұған дейін оның денсаулығында еш кінәрат болмаған.

Наурыз 4, 2025 - 09:13
 0  442
Абай облысында перзентханада көз жұмған ана мен сәби өлімінің себебі анықталды
фото: видеодан скриншот

Абай облысында босану кезінде сәбиімен бірге көз жұмған 34 жастағы әйелдің өлімінің себебі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сарапшылардың жасаған қорытындысына сәйкес, дәрігерлер әйелге дәріні дұрыс екпегендіктен соңы қайғылы жағдаймен аяқталған.

«Қара жамылған отбасы кінәлілердің жазаланғанын қалайды. Әйелім мен баламның өлімінің сараптама нәтижесі шықты. Сараптама осы аурухана дәрігерлерінің кінәлі екенін көрсетті. Әйелімнің тамырына зақым келген. Бұған дейін оның денсаулығында еш кінәрат болмаған. Ол дәрігерлердің қатаң жазаланғанын қалаймын», - дейді Үржар ауданының тұрғыны Ұлан Балапанов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 1
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 2
Жарайсың Жарайсың 0