АЭС құрылысын салуға үміткер компаниялардың тізімі жарияланды
Энергетика министрлігі АЭС құрылысын салуға үміткер компаниялардың тізімін жариялады.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің жетекшілігімен Қазақстан делегациясы Ресейге іссапармен барып қайтты.
Министрлік Ленинградтағы АЭС-тың жұмыс тәжірибесімен танысып қайтқан. Сонымен қатар ВВЭР-1200 реакторлары бар 3+ буын энергоблоктарының технологияларын зерттеді. ВВЭР-1200 реакторы - «Росатом» мемлекеттік корпорациясының флагмандық жобасы.
Қазақстанның Ресейге сапары АЭС салуға қажетті технология жеткізушілермен жүргізілген диалогтың соңғы кезеңі болды. Бұған дейін делегация Оңтүстік Корея, Франция және Қытайға барып қайтқан еді.
Қазіргі таңда АЭС салуға үміткер ретінде төрт компания тіркелді. Олар: Ресейдің «Росатом», Қытайдың CNNC, Оңтүстік Кореяның KHNP, Францияның EDF компаниясы.
Министрліктің мәліметінше, АЭС салуға арналған технология жеткізушісін таңдау бойынша соңғы шешім биыл қабылданады. Ол ұлттық мүдделер, халықаралық нормалар және МАГАТЭ-нің ұсыныстары негізінде жүзеге асырылмақ.
Сіздің реакцияңыз қандай?