Болат Жәмішев кетті: «Қазақстан халқына» қорына жаңа басшы келді
"Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы ауысты. Лаззат Шыңқысбаева қордың жаңа басшысы болды, - деп хабарлайды sadaq.kz.
Айта кетейік, "Қазақстан халқына" қоры 2022 жылы құрылғаннан бері оны Болат Жәмішев басқарып келеді.
Болат Жәмішев басқарма төрағасы ретіндегі өкілет мерзімінің аяқталуына байланысты қордағы жұмысын аяқтауды ұйғарды.
"Қорда жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік болды. Біздің бастамамызда қорды қолдағандардың барлығына шын жүректен алғыс айтамын. Бірге айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік және қор алдағы уақытта да дами беретініне сенемін. Барлық серіктестерге, донорларға және қызметкерлерге ортақ игі ісімізге қосқан үлесі үшін алғыс айтамын", – деді Болат Жәмішев.
"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен қоғам қайраткері, Қазақстандағы қайырымдылық, әлеуметтік жобаларды басқару және Үкіметтік емес ұйымдарды институционалдық дамыту саласындағы сарапшы Лаззат Шыңғысбаева төраға болып сайланды.
Сіздің реакцияңыз қандай?