Екі оқушының эксперименті: Атырауда Қызыл кітапқа енген лотос жаңа жерде гүлдеді

Қыркүйек 2, 2026 - 14:58
 0  39
Екі оқушының эксперименті: Атырауда Қызыл кітапқа енген лотос жаңа жерде гүлдеді
фото: видеодан скриншот

Атырау облысында Қызыл кітапқа енген лотос өсімдігінің жаңа өсетін аумағы анықталды. Сирек кездесетін гүлдің таралуына екі жергілікті оқушының тәжірибесі себеп болған.

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты мамандарының мәліметінше, 11 жастағы Шаттық Хами мен 12 жастағы Айым Жанкелді 2024 жылы үйлерінің маңындағы су айдынынан лотос тұқымдарын жинаған.

Тұқымды Айымның анасы Қытайдан тапсырыс берген. Алдымен қыздар гүлді үй жағдайында өсіруге тырысқан. Алайда нәтиже болмаған соң, тұқымдарды табиғи ортаға отырғызуды ұйғарған. 2025 жылы алғашқы жапырақтары пайда болып, биыл жазда лотостар алғаш рет гүлдеген. Қыздар бұл өсімдіктің жаңа аумақта өсіп жатқанын бірден аңғармаған.

Жаңа лотос алқабы «Ақжайық» резерватының сол жақ кластерінен 3-4 шақырым жердегі Перетаска өзекшесінде орналасқан. Бұған дейін Атырау облысында лотос негізінен Құрманғазы ауданында ғана өсетіні белгілі болған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 1
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 1
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 1
😮 Жарайсың 0