Еліміз Қытаймен құны 15 млрд доллар болатын келісімшартқа қол қойды

Қыркүйек 2, 2025 - 12:52
Еліміз Қытаймен құны 15 млрд доллар болатын келісімшартқа қол қойды
Фото: Ақорда

Қазақстан мен Қытай құны 15 млрд доллар болатын келісімшартқа қол қойды. Осылайша құны 15 млрд доллар көлемінде жаңа жобаларды іске асыруға уағдаласты, деп жазады sadaq.kz.

Келісімдер энергетика, цифрландыру, құрылыс, металлургия, телекоммуникация, көлік және логистика салаларын қамтиды.

"Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Ол алдағы уақытта тек арта түсетініне сенімдімін. Қазақстанда қытайлық капиталдың қатысуымен 6 мыңнан астам кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр", – деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Олардың қатарында CNPC, CITIC, SINOPEC, Huawei секілді әлемдік деңгейдегі ірі корпорациялар бар.

Президенттің сөзіне қарағанда, ірі бизнес қана емес, орта деңгейлі компаниялар да кеңінен ұсынылып отыр.

Тоқаев Қытайдың Қазақстан экономикасына бүгінге дейін 27 млрд доллар инвестиция құйғанын атап өтті. Ол қаржы секторындағы қазақ-қытай іскерлік байланыстарын одан әрі нығайтуға шақырды.

Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы ресми сапары аясында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері Дин Сюэсянмен бірге бейнебайланыс арқылы Жамбыл облысында жел генераторларына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын зауыттың алғашқы кешенін салтанатты түрде іске қосты.

Бұл жоба – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен SANY Renewable Energy компаниясының табысты серіктестігінің нәтижесі. Бұл жел энергетикасына арналған қондырғылар шығаратын әлемдегі ең ірі компанияның елімізде ашқан бірінші кәсіпорны.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow