Таяу Шығыстағы бітімге қауіп төнді: Парсы шығанағында қақтығыс күшейді
Таяу Шығыстағы ахуал қайтадан шиеленісе түсті. Сейсенбі күні АҚШ пен Иран күштері Парсы шығанағы аймағында оқ атқыласып, бітімге келу қиындай түсті. Бұл қақтығыс Ормуз бұғазы үшін бақылау күресінің аясында өрбіген.
Аталған бұғаз – әлемдік мұнай мен энергия тасымалының негізгі артерияларының бірі. Иран парламентінің төрағасы Мохаммад Багер Калибаф әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде АҚШ пен оның одақтастарының төрт апталық бітімді бұзуы жағдайды күрделендіргенін айтты.
Оның сөзінше, бұл әрекеттер маңызды теңіз жолындағы кеме қатынасына және энергия тасымалына қауіп төндіріп отыр.
«Қазіргі жағдай АҚШ үшін ауыр екенін жақсы түсінеміз, ал біз әлі толық әрекетке кіріскен де жоқпыз», – деді ол.
Парсы шығанағындағы шабуылдар Дүйсенбі күні АҚШ әскери күштері Иранға тиесілі алты шағын кемені, сондай-ақ қанатты зымырандар мен дрондарды жойғанын мәлімдеді.
Бұл операция Дональд Трамп бастамасымен іске асқан «Project Freedom» («Бостандық жобасы») аясында жүргізілген. Жоба шеңберінде АҚШ әскери-теңіз флоты Ормуз бұғазы арқылы өте алмай тұрған танкерлерді алып жүру үшін жіберілген.
Ормуз бұғазы – әлемдік мұнай, тыңайтқыш және басқа да маңызды тауарлардың елеулі бөлігі тасымалданатын стратегиялық аймақ.
Алайда 28 ақпаннан бері АҚШ мен Израиль тарапынан Иранға жасалған шабуылдардан кейін бұл бағыттағы қозғалыс іс жүзінде шектелген.
Сарапшылардың бағалауынша, бұл жағдай жаһандық нарықта бағаның өсуіне әсер етіп отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0