Трамп жақын уақытта Путинмен сөйлесетінін мәлімдеді

Қыркүйек 5, 2025 - 10:08
 0  46
Трамп жақын уақытта Путинмен сөйлесетінін мәлімдеді
фото: reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен жақын арада телефон арқылы сөйлесуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

"Мен мұны істеймін. Бізде өте жақсы диалог бар", – деді ол Ақ үйдегі журналистерге.

Трамптың сөзінше, бастапқыда ол Украинадағы дағдарысты шешу Путинмен жеке қарым-қатынасы арқасында жеңілірек болады деп ойлаған.

Алайда іс жүзінде бұл процесс әлдеқайда күрделі болып шыққан.

Еске сала кетейік, 4 қыркүйекте Парижде "тілек білдірушілер коалициясының" кездесуі өтті. Жиын барысында еуропалық көшбасшылар Украина үшін қауіпсіздік кепілдіктерін талқылап, Трамппен телефон арқылы байланысқан.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0