Жәнібек Әлімханұлы допинг дауынан кейін ресми мәлімдеме жасады

Желтоқсан 5, 2025 - 12:35
 0  1
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауынан кейін ресми мәлімдеме жасады
Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өзіне қатысты туындаған допинг дауына байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Боксшы өзінің таза екенін айтып, допинг-тестің B үлгісін ашуға ресми өтініш бергенін, қазір оның нәтижесін күтіп отырғанын жеткізді.

"Қолдауларыңызға рақмет, шын жанкүйерлер! Бұйыртса бұл да артта қалады. Бұрын салмақ жасай алмай қалғанда да біраз адам күмәнданған! Кейін олар да жанкүйер болып кетті. Ол қиындық та артта қалды. Бұл допинг дауы да шешіледі! Біздің команда ең мықты команда! Біз әлі әлемге талай қазақша сөйлейміз! Біз әлі талай жастарға құмар ойнама деп айтамыз! Біз әлі талай туды желбіретеміз! Біздің мақсат айқын. Ол мақсаттан бізді ешқандай қиындық тайдыра алмайды", – деді ол.

Жәнібек өз командасына толық сенетінін және ешқандай тыйым салынған зат қолданбағанын атап өтті.

"Сынап жатқандарға мән бермеңіздер! Олар бұрыннан бар, 4 титул алғанда да бола береді! Біз тек алға жүреміз! Амандықта жүздесейік! Ең бастысы біз тазамыз! Бізден ешқандай кінә мен қателік кеткен жоқ! Бәрі бұрынғы витаминдер мен бұрынғы мәзір! Қазір анализдің екінші қорабын ашуға өтініш жазылды! Жауабын күтеміз!", –  деп жазды ол Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы жоспар бойынша WBA чемпионы Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеуді біріктіру жекпе-жегіне шығуы керек еді. Алайда VADA сынамасында мельдоний табылғандықтан, жекпе-жек өтпейтін болды. Сол себепті Жәнібектің орнына Premier Boxing Champions ұйымы рингке колумбиялық Йохан Гонсалесті шығаратынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0