2025 жылғы грант иегерлерінің тізімі шықты

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025–2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру грант иегерлерінің тізімін жариялады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, биылғы гранттардың 60 пайызы инженерлік және техникалық мамандықтарға бөлінді. Бұл шешім экономиканың басым бағыттары үшін білікті мамандар даярлау қажеттілігімен байланысты.
Конкурс нәтижесінде мемлекеттік тапсырыстың 99 пайызы игерілді.
Министрліктің мәліметінше, биыл «Серпін» бағдарламасына қатысуға ниетті жастардың саны артқан. Нәтижесінде 2 мыңнан астам түлек еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлеріндегі жоғары оқу орындарына қабылданады.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында 77 мыңнан астам грант бөлінді.
2025 жылғы конкурсқа 113 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға көп. Гранттарды бөлу кезінде әлеуметтік осал топтарға арналған заңмен белгіленген квоталар сақталған.
Грант иегерлерінің толық тізімі министрліктің ресми сайтында, сондай-ақ Telegram-арналарында және Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында қолжетімді.
Мемлекеттік білім беру гранты туралы куәлікті үш жұмыс күні ішінде https://grant.testcenter.kz сайтынан жүктеп алуға болады.
Жоғары оқу орындарына құжат тапсыру 25 тамызға дейін жүргізіледі.
Сіздің реакцияңыз қандай?






