«3 көлік пен бір-бір пәтер»: Ағайынды Сабырхандарға қошемет көрсетілді

Қыркүйек 23, 2025 - 12:45
 0  32
«3 көлік пен бір-бір пәтер»: Ағайынды Сабырхандарға қошемет көрсетілді
Фото: @mussa__kz

Шымкент әкімдігінің бастамасымен бокстан Ливерпульде өткен әлем чемпионатында топ жарған ағайынды боксшылар – Махмұд пен Төрехан Сабырхандарға қошемет көрсетілді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Ағайынды боксшыларға су жаңа темір тұлпар және пәтер кілті табысталды. Сондай-ақ әкесі Айдархан Сабырханұлына көлік кілті табысталды.

«Қатты қуаныштымыз. Үйімізге үш көлікпен кетіп барамыз. Әкеме, бапкеріме де жақсы сыйлықтар жасалды. Бізге пәтер, көлік сыйлаған демеуші ағаларымызға ризашылығымызды білдіреміз. Қала әкіміне алғысым шексіз», - деді Махмұд Сабырхан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0