9 ғасырдың куәсі болған «Ақбикеш» кесенесі қирап қалды

Қаңтар 31, 2025 - 10:44
Қаңтар 31, 2025 - 12:45
9 ғасырдың куәсі болған «Ақбикеш» кесенесі қирап қалды

Түркістандағы XII-XIII ғасырларда іргесі қаланған «Ақбикеш» мұнарасы құлап қалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл туралы Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Жылбек Сембекұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Қолда бар тарихи ескерткіштен айырылдық.  12-13 ғасырларда тұрғызылған «Ақбикеш» мұнарасы құлады. Дабыл қақтық, ешкім құлақ аспады. Жауын-шашын тимеу үшін төбесін жабу керек дедік. Олай істемеді, төбеден жауған жаңбыр, қар суы дуал-қабырғасына кеулеп кіріп, ескерткішті құлатты. Енді міне, ішіндегі ескерткіш дуалдары да қирады.  Түркістан облысы, Созақ ауданы, Ақсүмбе ауылындағы «Ақбикеш» мұнарасына жөндеу жұмыстарын Қазқайтажаңарту РМК РГП Казреставрация мекемесі жасаған «Ақбикеш» мұнарасы тікелей мемлекет қарауында болғандықтан бұл жазбаның Созақ аудандық әкімдігіне түк қатысы жоқ", - деп жазған Жылбек Керімбек өзінің facebook парақшасында. 

Автордың айтуынша, ғимаратқа жауын-шашын тимеу үшін төбесін жауып, ескерткішті сақтап қалу керек болған. Алайда, жергілікті халық тарапынан түскен дабылға ешкім құлақ аспапты. Нәтижесінде, төбеден жауған жаңбыр, қар суы мұнара қабырғаларына бойлап кіріп, ескерткішті құлатқан. Тіпті, ішіндегі ескерткіш дуалдары да қираған.

Айта кетейік, тарихи жәдігерге бұған дейін «Қазқайтажаңарту» мекемесі жөндеу жұмыстарын жүргізген болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow