«Ақнәрімнен айырылғаныма 561 күн»: Гүлстан Хамит істің әлі сотқа жетпегенін айтып, әділдік сұрады

Ақпан 2, 2026 - 14:44
 0  79
«Ақнәрімнен айырылғаныма 561 күн»:  Гүлстан Хамит  істің әлі  сотқа жетпегенін айтып, әділдік сұрады
Фото: Sadaq коллажы

Алматыда көп қабатты үйден құлап қаза тапқан Ақнәр Хамиттің анасы  істің әлі сотқа жетпегенін  айтып, үндеу жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

«Бүгін Ақнәрімнен айырылғаныма 561 күн. Осы бір жарым жылдан бері құқық қорғау органдарында қанша табалдырық тоздырдым және қандай лауазымды тұлғалардың жеке қабылдауында болдым дегенді көзбен тізіп көгендеп, аты-жөнімен айтуды жөн деп шештім. Өйткені осы 561 күннен бері шындық іздеп, шырылдап жүрген анамын. Қазақстан Республикасының  толыққанды азаматымын», – деді анасы.  

Анасы құрғақ уәдеден шаршағанын айтып, әділдік сұрады. 

«Мені жеке қабылдауына алып, ауызбен орақ орып, уәдені үйіп-төгіп беріп, істі осы күнге дейін әдейі бұрмалап, созбалаңға салып отырған, халыққа қызмет жасайды делінген әрбір тұлға өз іс-әрекетіне жауап беруі керек деп санаймын. Себебі Әділетті Қазақстанымызда қызымның өліміне қатысты әділ тергеу жүргізілуі үшін бір жарым жыл бойы күресіп келемін. Бірақ күні бүгінге дейін нақты нәтиже жоқ. Қызымды азаптап, жетінші қабаттан лақтырып жіберген кінәлі қыздардың ісі әлі күнге дейін сотқа жеткен жоқ», – деді Гүлстан Хамит. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0