АҚШ Ресейге санкция салып, алысқа ұшатын ракеталарға қатысты шектеуді алып тастады

Қазан 23, 2025 - 10:15
 0  24
АҚШ Ресейге санкция салып, алысқа ұшатын ракеталарға қатысты шектеуді алып тастады

АҚШ қаржы министрліг Ресейдің «Роснефть» және «Лукойл» компаниялары мен оларға еншілес кәсіпорындарға санкция салды, деп хабарлады sadaq.kz.

Қаржы министрі Скотт Бессенттің мәлімдеуінше, санкциялар Ресейдің бейбіт келісімге отыруға ықыласы жоқтығына» байланысты салынған. 

Сонымен қатар Вашингтон батыстағы одақтастар арқылы Украинаға тасымалданған алысқа ұшатын кейбір ракеталарды қолдануға қатысты қойылған шектеуді алып тастады. 

"Мұндай шешім Киевке Ресей аумағындағы нысандарға соққы жасап, Кремльге әскери қысымды арттыруға жол ашады" деп хабарлады Азаттық радиосы The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.

Мұндай шешім АҚШ-та осындай шабуылдарға рұқсат беру құзыреті қорғаныс министрі Пит Хегсеттен АҚШ-тың Еуропадағы әскерінің бас қолбасшысы генерал Александр Гринкевичке өткеннен кейін қабылданған. Ол НАТО-ның аймақтағы қолбасшылығына да жетекшілік етеді.

Мұндай өзгеріс АҚШ президенті Дональд Трамптың Кремльді келіссөзге итермелеу мақсатында оған қысымды арттыру бастамасымен (арасында Украинаға 1600 шақырымнан астам қашықтыққа ұшатын америкалық "Томагавк" қанатты зымыранын беру ықтималдығы да бар) тұспа-тұс келіп отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0