Алып кит 24 жастағы жігітті әкесінің көз алдында жұтып қойды (ВИДЕО)

Ақпан 14, 2025 - 16:29
Алып кит 24 жастағы жігітті әкесінің көз алдында жұтып қойды (ВИДЕО)
Чилиде Эль-Агилеа шығанағында алып кит 24 жастағы ер адамды тірідей жұтып, қайта шығарып тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
 
Оқиға 8 ақпанда Чилидің оңтүстігіндегі Пунта-Аренас қаласының жағалауында болды.
 
Жергілікті тұрғын Делл Симанкас 24 жастағы ұлы Адриан Симанкаспен байдаркамен су бетінде жүзіп жүрген. Әкесі киттің ұлына шабуыл жасап, оны үрмелі қайығымен бірге жұтып, судың астына алып кеткен сәтін түсіріп үлгерген.
 
Арада бірнеше секунд өткеннен кейін жас жігіттің аман-есен, жараланбаған күйі су бетіне қайта шыққаны байқалды.
 
Зардап шеккен адамның айтуынша, арқасынан қатты соққы болғанын, не болғанын түсінбеген қалпы су астына кетіп қалған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow