Алматы облысында жасөспірім 12 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді
 
                                    Желіде Алматы облысындағы елді мекендердің бірінде 12 жасар қыздың зорланғаны туралы ақпарат тарады. Облыстық Полиция департаменті қылмысқа қатысты түсінік берді.
Telegram желісіндегі EGOV.PRESS арнасының хабарлауынша, 12 жастағы қызды зорлады деген күдікті кәмелет жасқа толмаған, ол қазір ұсталған.
Алматы облысының Полиция департаменті өкілдерінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соттың санкциясымен оған қатысты уақытша ұстау изоляторына қамау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған жеделтергеп-тексеру шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
Сонымен қатар күдіктінің заңды өкілдері кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Сіздің реакцияңыз қандай?
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                                                                                                             
                                                                                                                                             
                                                                                                                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                            