Алматыда мәйіттерді қорлаған күзетші мәжбүрлі емдеуге жіберілді

Қаңтар 17, 2025 - 17:07
 0  1.1k
Алматыда мәйіттерді қорлаған күзетші мәжбүрлі емдеуге жіберілді
Фото: Pixabay.com

Алматыда мәйіттерді қорлады деп айыпталған мәйітхана күзетшісі Александр Беляевке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Жабық сот отырысында мәйіттерді қорлады деген айыппен Б.-ға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға қатысты іс қаралды.

"Сот сараптамалық қорытындыларға сүйене отырып, Б.-ның өз іс-әрекетін жасау кезінде есі дұрыс емес жағдайда болды және созылмалы психикалық ауруға шалдыққан деген қорытындыға келді", – делінген хабарламада.

Сот қаулысымен сотталушы есі дұрыс емес деп танылып, психиатриялық стационарға мәжбүрлеп емдеуге жіберілді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 1
😍 Керемет 1
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 1
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 1