Антальяда 4,8 балдық жер сілкінісі болды

Қараша 30, 2024 - 15:53
Антальяда 4,8 балдық жер сілкінісі болды
Фото: www.trthaber.com

Кеше түнде Анкара уақытымен cағат 22:13-те (Астана уақытымен 00:13) Түркияның Анталья провинциясында магнитудасы 4,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Түркия үкіметінің Табиғи апаттардың алдын алу және салдарын жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Жерорта теңізінің жағалауға жақын аймағында орналасқан. Оның тереңдігі шамамен 35 шақырымды құрады.

Құрбан болғандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ. Жер сілкінісі курорттық аймақтарда, әсіресе жерасты дүмпулері қатты сезілген жағалаудағы аудандарда жергілікті тұрғындар мен қонақүй қонақтарын алаңдатты.

Билік азаматтарды сабыр сақтауға және ресми хабарламаларды бақылап отыруға шақырды. Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр, құтқарушылар мен төтенше жағдайлар қызметі ықтимал жер сілкінісі немесе афтершок болған жағдайда жоғары дайындық жұмыстарын жүргізді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow