Әскерилерге сыйақы берілетін болды

Сәуір 8, 2025 - 20:41
 0  51
Әскерилерге сыйақы берілетін болды
фото: Арман Мухатов

Құрлық әскерлері бас қолбасшысы, генерал-майор Мереке Көшекбаев шеруге қатысқан әскерилер қалай ынталандырылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның сөзінше, шеруге қатысуға әскерилер арнайы іріктеуден өтіп келген. Мереке Көшекбаев іріктелген сарбаздар, сардарлар, әйел қызметшілер жоғары ынталы әскери қызметкерлер екенін атап өтті.

«Оларға ай сайынғы жалақылары төленеді. Сонымен бірге іссапарға келгендері үшін төлем беріледі. Оған қоса шеру аяқталған соң сыйақы беру де қарастырылады», - деді Құрлық әскерлері бас қолбасшысы, генерал-майор Мереке Көшекбаев. 

Еске сала кетейік, биыл 7 мамырда Жеңістің 80 жылдығына орай елордада басты алаңда шеру өтеді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0