Астанада ер адам бұрынғы әйелін пышақтап кетті

Қыркүйек 24, 2026 - 10:39
chat_bubble  0 visibility  2
Астанада ер адам бұрынғы әйелін пышақтап кетті
Фото: pixabay

Астанада ер адам бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға кешкі уақытта болған. Желіде тараған ақпарат бойынша, әйел көлігін тұраққа қойған. Сол сәтте ер адам көліктің есігін ашып, оған пышақ жарақатын салған. Марқұмның артында екі баласы қалды.

Полиция мәліметінше, 22 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында полицияға әйел адамға шабуыл жасалғаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері барған. Алдын ала анықталғандай, ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмған.
Күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдарының кешені жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0