Барак Обаманы маймылға теңеген Трамптың басы дауға қалды
Трамптың басы тағы да дауға қалды. Ол бұрынғы президент Барак Обама мен әйелін маймыл кейпінде бейнеленген видеоны өз парақшасына салған, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Трамп Барак Обама мен әйелі Мишельді мазақ ететін видеоны өз парақшасына салған. Онда бұрынғы мемлекет басшысы мен жұбайы маймыл кейпінде бейнеленген. Бұл әрекеті үшін АҚШ президенті кешірім сұрамаймын дейді.
"Оларды мазақтайтын пиғылым жоқ еді. SMM маман маған бұл жазбаны алдын ала тексеру үшін жіберді. Мен бас жағын ғана көрдім. Онда 2016 жылғы сайлаудағы заңсыз әрекеттер туралы сөз болған. Әлбетте ондай видео ешкімге ұнамайды. Маған да ұнаған жоқ. Бірақ менің кінәм жоқ. Сондықтан бұл үшін кешірім сұрау керекпін деп ойламаймын", - дейді Дональд Трамп.
Енді АҚШ-та дәрілер ондаған есе арзан бағамен сатылады. Трамп жаңа жобаны таныстырды. Бірақ бұл жолы да АҚШ президентінің басы даудан арылмады. Ол жалпыұлттық жобаға өз атасының атын берген. Сондықтан қоғам тарабынан наразылық артты.
"Бұл Трамп RX деп аталатын сайттың арқасында америкалықтар ондаған мың доллар ақша үнемдейді. Адамдарға аса керекті препараттарды осы тізімге енгіздік. Америкалықтардың денсаулығы үшін нақты қадамдар жасаған алғашқы президент болдым. Қалғандары құр сөзден әрі аса алмады", - дейді Трамп.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0