«Батпаңдай әйелсің, қашан есейесің?»: Айгерім Қалаубаева би билеймін деп сынның астында қалды

Қазан 15, 2025 - 14:31
Қазан 15, 2025 - 15:31
«Батпаңдай әйелсің, қашан есейесің?»: Айгерім Қалаубаева би билеймін деп сынның астында қалды
фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Айгерім Қалаубаева би билеймін деп жұрттың сынына қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол билеп түскен бейнежазбасын Intagram парақшасында жариядаған. Видеода ашық киім киіп, ерсі би қимылдарымен билеген.

"Үміт тәтемнің әдемі биінен кейін,мен салуға ұялып қалдым ғой.. Менің ұзааақ дайындалған биімді сіздер бір күнде жаттап алыпсыздар ғооой. P.S. Келесіде бұндай киім кимеймін Ну,это НЕ ТОЧНО", - деп жазды өнер иесі.

Алайда оқырмандары әншінің бұл әрекетін ұятқа балап, оңдырмай сынап тастады.

"Әлімжанов не деп жатыр екен?", "Аяғыңызды май басып кетіпті", "Қойшы, батпандай әйелсің. Мына биің ұяттау, сол өлеңінді айтып жүре берші", "Анау замокты төменге қарай тартқым келіп тұр", "Қойшы, сонша желпілдеп. Саған салмақтырақ болған жарасады", "Айкерім, артық кетіп бара жатқан жоқсың ба? Адам есейген сайын салмақты , сабырлы болу керек қой", "Мынауың да қуды ғой сыйлы, ибалы болып жүр еді", "Қашан есейеді екен бұл қыз", - деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow