Баян Алагөзова, Ләйлә Сұлтанқызы, Сырымбек Тау: салық төлеуден жалтарған блогерлердің тізімі шықты

Козачков телеграм арнасында салық төлеуден жалтарып жүрген блогерлердің тізімі жарияланды. Тізімде мемлекетке қарыз болып отырған 31 адамның есімі көрсетілген, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.
Тізімнің басында блогер Бейбіт Әлібеков тұр. Оның мемлекет алдындағы қарызы - 2 млрд теңгеден асады.
Сол секілді тізімде әнші Айқын Төлепберген, Жания Журинская, Баян Мақсатқызы, Ләйлә Сұлтанқызы, Сырымбек Тау сынды белгілі адамдардың аттары көрсетілген.
Мәселен, Айқын Төлепбергеннің мемлекет алдындағы қарызы 287 миллионнан асады. Ал Жания Журинскаяның қарызы одан да көп – 349 миллион теңге.
Продюсер Баян Мақсатқызы да мемлекетке 272 миллион теңге тапқан табысынан салық төлемеген. Миллиондап табыс тапса да, салық төлемегендердің қатарында Ләйлә Сұлтанқызы да бар. Ол 160 миллион теңгеден асқан табысының есебінен мемлекетке құн төлемеген.
Сол секілді миллиардер Сырымбек Тау да борышкерлердің қатарында тұр. Кәсіпкердің мемлекет алдындағы қарызы - 114 миллион теңге айналасында.
Ал әнші Алтынай Жорабаева мемлекеттік кірістер департаментіне 110 миллион теңгеден түскен құнды төлеуі тиіс.
Тізімде журналист, блогер Өркен Кенжебекте жүр. Оның табысы - 215 миллион теңге деп көрсетілген.
Сіздің реакцияңыз қандай?






