Бүгін Трамптың Путинге қойған ультиматумының мерзімнің соңғы күні

Тамыз 8, 2025 - 10:40
Тамыз 8, 2025 - 10:41
Бүгін Трамптың Путинге қойған ультиматумының мерзімнің соңғы күні

Бүгін Трамптың Путинге қойған ультиматумының мерзімі аяқталады.

Бірақ АҚШ басшысы Ресей тарапынан нақты нәтижелер жасалмаса не болатынын ашып айта қоймады. 

Баспасөз брифингінде сөйлеген Трамп Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен шешу жөніндегі келіссөздердің нақты мерзімі туралы сұраққа тікелей жауап беруден бас тартты.

"Бұл оған байланысты. Біз оның не айтатынын көреміз", - деді АҚШ президенті.

Сондай-ақ ол Ресейге жаңа санкциялар енгізу Кремль шешіміне байланысты екенін айтты. Шектеулер жұмада-ақ жариялануы мүмкін.

Сонымен қатар, Трамп АҚШ-тың Ресеймен жұмыс істейтін елдер мен компанияларға қайталама санкциялар енгізу мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow