Дағыстанда белгісіз біреулер православ шіркеуі мен синагогаға шабуыл жасады
Алты полиция қызметкері қаза тапты.
Дербент пен Махачкалада белгісіз адамдар екі православие шіркеуіне, синагога мен жол полициясы бекетіне шабуыл жасады. Екі содырдың көзі жойылды, деп хабарлады ТАСС.
«Дербент пен Махачкалада екі православие шіркеуі, синагога мен жол полициясы бекетіне шабуыл жасалды», — деп жазды терроризмге қарсы ұлттық комитет.
«Дербенттегі діни қызметкер мен Махачкалада шіркеу күзетшісі қаза тапты», — деп мәлімдеді Дағыстанның Қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Шамиль Хадулаев.
Махачкалада белгісіз біреулер Ермошкин көшесіндегі жол полициясы бекетіне оқ жаудырған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, алты полиция қызметкері қаза тауып, 12-сі жараланды», — деп жазды Дағыстан ішкі істер министрлігінен.
Махачкалада қақтығыс жалғасуда, полицияның патрульдік көлігі өртенді. Дербенттің орталық бөлігі электр жарығынсыз қалды, қалада қақтығыстар болып жатыр Күдіктілер мініп қашып кеткен көлік іздестірілуде. Белгілері: ақ Volkswagen Polo, нөмірі — 921.
Дағыстанның Дербент қаласындағы синагогада белгісіз біреулердің шабуылынан кейін өрт шықты, деп хабарлады қала әкімдігі. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті сөндіріп, оқшаулады.
Дағыстанда «Ұстау» жоспары жарияланды. Шабуыл жасаушылардың жеке басы анықталып жатыр.
«Екі содыр жойылды, қауіпсіздік күштерінің жұмысы жалғасуда», — делінген Дағыстан ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде.
«Полиция қызметкерлеріне жасалған шабуылдан кейін жедел штаб құрылды», — деп хабарлады аймақ басшысы Сергей Меликов.
Ол Дербент пен Махачкаладағы шабуылдарды әлеуметтік жағдайды тұрақсыздандыру әрекеті деп атап, азаматтарды сабырға шақырды.
Тергеу комитеті теракт (Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 205-бабы) бойынша іс қозғады. Дербенттегі оқиға орнына Дағыстан бойынша Тергеу комитетінің облыстық департаментінің басшылығы, тергеушілері мен криминалистері аттанды. Дағыстанның барлық аумағында терроризмге қарсы операция режимі енгізілді.
Дағыстан Республикасы мүфтиятының Telegram-каналындағы жаңартылған ақпаратқа сәйкес, Махачкала мен Дербентте содырлардың шабуылы салдарынан 9 адам қаза тапты, оның жетеуі құқық қорғау органдарының қызметкерлері, 25 адам жарақат алды.
Сіздің реакцияңыз қандай?