«Денесі шіри бастаған» Белгілі әншінің көлігінен 15 жастағы қыздың мәйіті табылды

Қаза тапқан қыздың есімі — Селеста Ривас. Ол 2024 жылдың сәуірінде, небәрі 13 жасында жоғалып кеткен.

Қыркүйек 22, 2025 - 10:46
«Денесі шіри бастаған» Белгілі әншінің көлігінен 15 жастағы қыздың мәйіті табылды

Америкалық әнші Дэвид Берк (D4vd деген лақап атпен танымал) мінген көліктен 15 жасар қыздың мүрдесі табылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Құқық қорғау органдары 8 қыркүйекте көліктің ішінен жасөспірімнің денесін тапқан. BBC дерегінше, қаза тапқан қыздың есімі — Селеста Ривас. Ол 2024 жылдың сәуірінде, небәрі 13 жасында жоғалып кеткен. Содан бір жарым жыл өткенде оның әбден шіріп кеткен денесі иесіз тұрған Tesla маркалы көліктен табылды. Бұл көлік әншіге тиесілі болған.

Марқұмды киімі мен «Shhh» деген жазуы бар сұқ саусағындағы тату арқылы таныған. Жанкүйерлер бұл татудың әншінің өзінде де бар екенін бірден байқаған. Қыздың нақты қашан және қандай жағдайда қаза болғаны әзірге белгісіз. Тергеушілердің айтуынша, сүйек қалдықтары толық сақталмаған, сондықтан Селестаның көп уақыт бұрын көз жұмғаны анық.

Дэвид Берк үш жыл бұрын TikTok-та кең тараған Here with Me және Romantic Homicide әндері арқылы танымал болды. Сондай-ақ оның Remember Me атты әні «Arcane» атты танымал сериалда саундтрек ретінде орындалған.

Қыздың анасы TMZ басылымына берген сұхбатында Селестаның «Дэйв» есімді жігітпен кездескенін айтқан. Бұған дейін Ривасқа ұқсайтын қыз әншінің әлеуметтік желідегі жазбаларында көрінген, бірақ оның жүзі толық көрсетілмеген.

Полиция Дэвид Берк тұрған үйге тінту жүргізді. Әзірге нәтижелері жарияланған жоқ. Әнші тергеушілермен ынтымақтасып, жұмыс істеп жатыр. Ресми түрде қамауға алынғаны жөнінде ақпарат жоқ. Әртістің концерттері тоқтатылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow