Елордада креативті индустриялардың басты форумы - Art Forum өтті
Елордада медиа және PR мамандарына арналған дәстүрлі PR room Art Forum өтіп, креативті индустрия өкілдері мен әртүрлі саланың сарапшыларын бір алаңда біріктірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Іс-шараның ұйымдастырушысы — PR room қауымдастығы, ал форум жылына екі рет — мамыр және желтоқсан айларында өтеді. Жыл соңындағы басқосу қорытынды шара ретінде есептеледі. Биылғы форумның тақырыбы — "Креативті өсу формуласы: жаңа индустрияларға арналған экожүйе".
Шара үшінші рет өткізіліп, өнер менеджерлері, креаторлар, театр, кино, музыка, поэзия, маркетинг және коммуникация саласының мамандарын жинады.
Бас серіктестер және қолдау көрсетушілер
Форумның бас серіктесі — «Кселл» АҚ. Ұйым экологиялық жауапкершілікті насихаттайтын "Таза Қазақстан" республикалық акциясына тұрақты қатысып келеді. Сонымен қатар, шараны медиа және әлеуметтік желілер мониторингін қамтамасыз ететін халықаралық IT-компания iMAS GROUP қолдады.
«Кез келген адам контент жасай алатын заманда кәсіби коммуникацияның құндылығы арта түседі. Біз шығармашылық секторға стратегия, аналитика және өлшемділік әкелеміз», — деді iMAS GROUP PR директоры Айнель Рымбаева.
Форум бағдарламасы Іс-шара DJ Rahalook музыкалық сетімен ашылып, кейін TEAZER театралды тобы «Ұлы Гэтсби» желісіндегі 10 минуттық перфоманс көрсетті. Сарапшылар мен шығармашылық индустрия мамандары келесі тақырыптар бойынша пікір алмасты:
Креативті индустрия жобаларының экожүйесі
Шығармашылықтың нарыққа жолы
Жасанды интеллект және контент өндірісі, геймдев индустриясы
Өнердің аймақтарда және шетелде дамуы
Блогинг және нишалық контент Grand Games студиясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры
Александр Язовский ірі брендтермен B2B әріптестікте нақты нәтижелердің маңыздылығын атап өтті.
PR room Awards 2025 жеңімпаздары Форум аясында дәстүрлі PR room Awards байқауының жеңімпаздары анықталды.
Биыл түрлі сала бойынша 60-қа жуық жоба қатысқан. Қазылар алқасының төрайымы Айнур Джумадилова биыл жаңа — қоғамға елеулі ықпал еткен топ жобаларға арналған арнайы номинацияның енгізілгенін айтты.
Үздік PR жобалар тізімі:
UNICO Play — Qara Bekire (үздік промо-науқан)
Kcell — «Метродағы жылдам жүздесулер» (телеком саласындағы үздік жоба)
Gorilla Asia — баспасөз қызметінің үздік FMCG кампаниясы
Finratings — үздік қаржылық-аналитикалық digital өнім
Astana Concert — жылдың үздік event-жобасы Gorilla Asia бас директорының орынбасары Фархат Сеитов компанияның мәдениет пен спортқа жыл сайын 1,5 млрд теңге инвестиция салатынын, биыл бірнеше қоғамдық және мәдени жобаларды іске асырғанын атап өтті.
Толық тізім
PR room ресми ресурстарында жарияланды. Келесі форум PR room Art Forum 2026 — 2026 жылдың 16 мамырында, Астана қаласында өтеді.
Анықтама:
PR room — медиа және PR мамандарына арналған қауымдастық. Салалық журналистиканы дамытуға бағытталған. Шетелдік тағылымдамалар, спорттық конференциялар, Art Forum және PR room Awards іс-шараларын ұйымдастырады. Қауымдастықтың негізін қалаушы — Айнур Байгожа.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0