«Еңбегі зор»: Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты

Түркістан өңірінің келешегі жарқын деп ойлаймын.

Қыркүйек 27, 2024 - 15:36
Қыркүйек 27, 2024 - 15:37
«Еңбегі зор»: Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты

Президент Қ.Тоқаев Түркістан облысына жасаған сапарында облыс жұртшылығымен кездесті. Мемлекет басшысы шаһар көрікті, таза қалаға айналғанына назар аударып, Түркістанға облыс мәртебесін берген экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор екеніне тоқталды. 

Тоқаев Түркістан қаласында жаңадан бой көтерген «Достық үйінің» жұмысымен танысып, Ол жерде «Қоғамдық келісім» мекемесі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Ардагерлер кеңесі, Аналар кеңесі, Медиация кеңесі, сондай-ақ аймақтағы 11 этномәдени бірлестіктің өкілдіктері орналасқан.

Мемлекет басшысы ғимаратты аралап көріп, жергілікті зиялы қауыммен және Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелерімен жүздесті.

– Қастерлі Түркістан жеріне арнайы келіп отырмын. Түркістан өңірінің келешегі жарқын деп ойлаймын. Жастарымызға үлгі-өнеге көрсетіп жүрген ардагерлерге алғыс айтқым келеді. Ең алдымен, жастарға қолдау білдіруіміз керек. Біз бәріміз бірігіп, ел үшін еңбек етуіміз қажет. Сырттан келетін тәуекелдер аз емес. Ахуалды жақсы білесіздер. Түркістан облысында 50 ұлт өкілі тұрады. Ауызбіршілікті сақтау және елімізді дамыту жолындағы ерен еңбектеріңізге ризашылық білдіремін. Қазақстанда ешқашан ешқандай фобия болған емес, болмайды да. Біз – бірлігі мығым, толерантты, ұстамды әрі еңбекқор халықпыз. Ең бастысы – осы. Сондықтан ынтымағы жарасқан қоғамның іргесін әлі де бекіте түсеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қ.Тоқваев сөзінің арасында Түркістанның көрікті, таза қалаға айналғанына назар аударып, Түркістанға облыс мәртебесін берген Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор екенін атап өтті.

2018 жылы Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін алып, Оңтүстік Қазақстан облысының құрамынан алынды. Облыс атауы “Түркістанға” ауыстырылып, орталығы Түркістан қаласы болып бекітілді. Содан бері қала жаңарып, түлеп, дамып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow