Газа секторындағы соғыс тоқтауы мүмкін

Қаңтар 14, 2025 - 11:30
Газа секторындағы соғыс тоқтауы мүмкін

Газа секторындағы соғысты тоқтату туралы келісім аяқталуға жақын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Израильдік шенеунік Reuters агенттігіне келісімдер «соңғы кезеңде» екенін және оған қол жеткізу «бірнеше сағаттан бірнеше күндерге» созылуы мүмкін екенін мәлімдеген. АҚШ президенті Джо Байден жексенбіде Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен, дүйсенбіде арағайындық жасап отырған катарлық шейх Тамим бин Хамад Әл-Танимен сөйлескен.

Палестиналық шенеуніктің сөзінше, дүйсенбіде ХАМАС пен Израильдің ресми өкілдері бір ғимаратта делдардар арқылы сөйлескен. Екі тарап мәміле күшіне енген күні ХАМАС үш тұтқынды жібереді, ал Израиль елді-мекендердегі әскерін шығара бастайды деп келіскен. Жеті күннен кейін ХАМАС тағы 4 тұтқынды босатады. Осылайша келісімнің бірінші кезеңі 42 күнге созылады. Израиль 1000 палестиналық тұтқынды, оның ішінде 15 жылдан бері түрмеде жатқан 190 адамды жібереді, ал ХАМАС 34 тұтқынды қайтарады. Мәміленің екінші және үшінші кезеңі соғыс тоқтағаннан кейінгі 16-шы күні басталмақ.

ХАМАС-тың бақылауындағы Газа денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, соғыс басталғалы бері 46 500 адам көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow