Илон Маск Украинаны интернеттен ажыратуы мүмкін

Ресей Украинаны қалпына келтіруге шетелдегі 300 млрд долларын жұмсауға келісуі ықтимал. Егер Украина өзінің минералдық ресурстарын АҚШ-қа беруден бас тартса, Илон Масктың өмірлік маңызы зор Starlink спутниктік интернетінен ажыратылуы мүмкін. Мұны "Рейтер" агенттігіне осы жағдаймен таныс үш дереккөз хабарлады.
Минералдар мәселесі бейсенбі күні АҚШ-тың Украина жөніндегі арнайы өкілі Кейт Келлог пен Президент Владимир Зеленский арасындағы келіссөздер барысында тағы да көтерілген.
Айта кетсек, әу-баста Зеленский АҚШ-қа қару-жарақ үшін 500 миллиард доллардың графит, уран, титан, литий тәрізді табиғи ресурстарының 50 пайызын беруден бас тартты. Себебі Вашингтон Украинаға қауіпсіздік кепілдігін ұсынбаған.
Дегенмен, жұма күні мәлім болғандай, Украина мен АҚШ минералдарды қаруға айырбастау жөніндегі өзгертілген келісім жобасы бойынша жұмыс істеп жатыр. Ол құжатқа таяу күндері қол қойылып қалуы мүмкін.
Ресей Украинаның байланыс қызметін қиратқаннан кейін Илон Маск Киевке мыңдаған Starlink терминалын дереу жеткізді. Бірақ содан кейін Илон Маск Киевтің соғыстағы сәтсіздіктерін сынап, бұл мемлекетті бір мәрте өзінің интернет жүйесінен ажыратып тастаған.
"Рейтерге" сұхбат берген дереккөздердің бірінің сөзінше, "Украина Starlink жүйесінің арқасында жұмыс істеп тұр. Украиналықтар бұл интернетті "Поляр жұлдызы" деп атады. Мұндай байланыс құралынан айрылу – Украина үшін үлкен соққы" болады.
Сіздің реакцияңыз қандай?






