Иран хиджаб кимеген әйелдерді дронмен бақылауға көшті

Иран хиджаб кию ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында дрондар мен инновациялық технологияларды пайдаланып отыр. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының соңғы жарияланған баяндамасында айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.
CNN мәліметінше, 14 наурызда жарияланған БҰҰ баяндамасына сәйкес, Иранда Nazer мобильді қосымшасы енгізілген.
Қосымша пайдаланушыларға көліктің мемлекеттік нөмірін, әйелдің хиджабсыз жүрген орнын және уақытын анықтауға мүмкіндік береді. Кейін бұл туралы полиция хабардар болады.
Зерттеушілер Иран билігі Тегеранда және елдің оңтүстігінде қоғамдық орындарды бақылау және хиджаб кию талаптарының сақталуын тексеру үшін пилотсыз ұшатын ұшу аппараттарын қолданғанын да анықтады.
Бұдан бөлек 2024 жылдың басынан бастап ел астанасындағы Амиркабир университетінің кіреберісінде студенттердің хиджаб кию ережелерін бақылау мақсатында бет-әлпетті тану жүйесі орнатылған.
БҰҰ 2022 жылы Иранда хиджаб кию туралы заңға қарсы шыққан наразылықтар кезінде жүздеген адам қаза тапқанын мәлімдеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






