Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың үйіне полиция басып кірді (ВИДЕО)

Қой-Таш ауылындағы Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың үйіне милиция қызметкерлері келген.
Бұл туралы әлеуметтік желіде оның ұлы Қадырбек Атамбаев хабарлады.
Саясаткердің қызы Алия Шагиева да резиденцияға оншақты адамның келгенін жазды. Айтуынша, олардың бір бөлігі милиция формасында болса, қалғандары қарапайым киімде болған. Олар ешқандай құжат көрсетпеген.
Атамбаев отбасы үйді шабуылдауға әрекет жасалып жатқанын алға тартады. Балаларының айтуынша, милиция күш қолданып есікті ашқан.
Қадыр Атамбаев бұл жағдайды "бассыздық" деп атап, олардың баспанасына қатысты сот процестері әлі жалғасып жатқанын еске салды.
Алия Шагиева болса, келгендер есікті сындырып, терезелерді шағып, жиһаздарды сыртқа шығарып жатқанын айтты.
Еске сала кетейік, Қой-Таш ауылындағы бұрынғы президенттің үйі орналасқан жер мемлекетке қайтарылған еді. Сот шешімі бойынша оған іргелес аумақ та мемлекет меншігіне өткен.
24.kg агенттігінің хабарлауынша, Атамбаевтың отбасы туысқандарының үйін паналауға мәжбүр болған.
Қой-Таш ауылындағы бұрынғы президенттің үйі орналасқан жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылғанын еске салды. Бұл жерде заманауи қарттар үйі мен 500 орындық жаңа балабақша салу жоспарланып отырғаны белгілі болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






