Қытайда 10G желісі іске қосылды

Сәуір 21, 2025 - 11:20
Қытайда 10G желісі іске қосылды
Фото: Pixabay.com

Huawei және China Unicom компаниялары Хэбэй провинциясының Сионьань қаласында әлемдегі алғашқы 10G кең жолақты желісін іске қосты, деп жазады Mydrivers.com.

Huawei және China Unicom компаниялары Сюнъань ауданында алғашқы 10G кең жолақты желісін іске қосу үшін  бірікті. 10G кең жолақты орналастыру әлемдегі алғашқы 50G PON шешіміне негізделген.

Талшықты-оптикалық қолжетімділік желісінің негізгі архитектурасын жаңарту арқылы бір пайдаланушының өткізу қабілеті дәстүрлі гигабит деңгейінен 10G деңгейіне дейін артады, ал желінің кідірісі миллисекунд деңгейіне дейін төмендейді деп түсіндіріледі.

Сондай-ақ нақты жүктеп алу жылдамдығы 9834 Мбит/с, жіберу жылдамдығы 1008 Мбит/с жетті. 
Fast Technology мәліметтері бойынша, Қытайда бір миллиардтан астам 5G ұялы байланыс пайдаланушылары бар, бүкіл ел бойынша 18 000-нан астам 5G+ желісін салу жобалары жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде 10G желісін дамыту үшін 168 пилоттық жоба қаржыландырылған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow