Қорғаныс министрі боксшы Алуа Балқыбековаға медаль тақты

Қыркүйек 22, 2025 - 17:23
Қорғаныс министрі боксшы Алуа Балқыбековаға медаль тақты
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов армия спортшысы, бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанған Алуа Балқыбекованы қабылдап, медаль тақты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Дәурен Қосанов әлемнің екі дүркін чемпионын жеңісімен құттықтап, оның табандылығы мен ерлігін атап өтті. Министрдің айтуынша, Балқыбекованың жетістігі жастарға үлгі болып, жеңіске деген сенімнің маңызын айқын көрсетті.

Министр Алуа Балқыбековаға «Ел қорғаны» медалін тақса, жаттықтырушысы Әлішер Омаркұловқа алғыс айтып, оған мерзімінен бұрын «капитан» әскери атағын берді.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Ливерпуль қаласында өтен Әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль алып, командалық есепте бірінші орын алған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow