Қостанайда полицей екі адамның өліміне себепкер болды

Шілде 24, 2025 - 09:16
Қостанайда полицей екі адамның өліміне себепкер болды
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында болған жол-көлік оқиғасынан Қостанай облысының екі тұрғыны көз жұмды. Апатқа Қостанай қалалық патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Заманбек Оразбаев кінәлі деп танылып отыр. Бұл туралы Sadaq.kz Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға 11 шілде күні Ақмола облысының Жақсы ауданында болды. 

Toyota Camry көлігін тізгіндеген полицей қарсы бағытқа шығып кетіп, Hyundai Tucson маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Hyundai ішінде ағайынды Алдияр мен Рустам Тәжібаевтар болған. Алдияр Тәжібаев оқиға орнында қайтыс болды, ал ағасы Рустам ауыр жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді. 

Марқұмдардың отбасы атынан сөйлеген адвокат Дильмурат Сәрсеновтің айтуынша, бұл жағдайға байланысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі («Жол жүру ережесін бұзу, абайсызда адам өліміне әкелу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті екі айға қамауға алынды. Ол бұлтартпау шарасын өзгертуге талпынғанымен, тергеу соты шешімді өзгеріссіз қалдырды. Апат салдарынан екінші жәбірленуші де көз жұмды

Жол апатынан кейін он күн өткен соң, Рустам Тәжібаев ауруханада қайтыс болды. Енді іс ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне («Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген жол жүру ережесін бұзу») қайта саралануы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow