Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірді

Ақпан 6, 2025 - 14:29
 0  109
Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірді
фото: жоғарғы сот

24 жылға сотталған экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев қамауда отырған мекеме өзіне ынталандыру шараларын қолданбағаны үшін сотқа шағымданды.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен хабарлайды.

 - Жазасын өтеуші сотқа мекеме әкімшілігі оған көтермелеу бермейді деген өтінішпен жүгінді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сотталғандарға жазаны өтеу тәртібі бұзылған жағдайда көтермелеу қолданылмайды. Аталған сотталған адамның бір рет тәртіп бұзғанын ескере отырып, оған көтермелеу болмайды, - делінген комитеттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Осылайша сот Қуандық Бишімбаевтың арызын қанағаттандырмады. 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0